06
мамыр
2023
"Тіл мен тарих-ғасырлар күәсі" тақырыбында тарих-филология әдістемелік бірлестігінің апталығы
2023 жылдың 26.04-04.05 аралығында мектебімізде "Тіл мен тарих-ғасырлар күәсі" тақырыбында тарих-филология әдістемелік бірлестігінің апталығы жоғары деңгейде өтті. Пәндік апталық-оқушыларға ел тарихын танып-білуде тарихи тұлғалардың қоғамдағы қызметтерінен үлгі алу, өзіндік ой-пікір қалыптастыру; оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқуға қызығушылығын арттыру, елжанды ұрпақты қалыптастыру; шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында жоспарланды.
